Қызылордада емханалардың жоспарлы жұмысы жүйелі жүргізілуде
Елімізде COVID-19 індетімен күресу бағытында бірқатар шаралар қабылданып, оның ішінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне сәйкес, жоспарлы емдеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.
Қуантарлығы, 2020 жылдың 3-ші тамызынан бастап аймағымыздағы ахуалдың тұрақталуына байланысты емдеу ұйымдарындағы жоспарлы жұмыстар өз жұмысын бастаған-ды.
Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары, яғни емханалар 3 тамыздан бастап жоспарлы жұмыстарын бастады.
-Скринингтік тексерулер (скринингтік тексерулердің барлық түрі);
- Профилактикалық тексерулер науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);
- Жоспарлы стоматологиялық қызмет (жоспарлы стоматологиялық қызметтердің барлық түрі);
- Оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалту ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);
- Салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы;
-Денсаулық мектептерінің жұмысы) және психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмыстарын жалғастыратын болады.