Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Желшешек ауруынан қалай сақтануға болады?

Желшешек-ауа тамшылары жолымен жұғатын, қызбамен, орташа айқын интоксикациямен және кең таралған везикулезді бөртпемен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.

Қызылорда облысында 2022 жылдың 10 айында желшешектің 820 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6 есе өсім байқалады. Олардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген - 716 жағдай.
Инфекция көзі ауру адам болып табылады, ол вирусты 100% жағдайда таратады, сондықтан ауру кезеңінде ауру мен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады.
Ауру ең алдымен дене температурасының 39-40 градусқа дейін күрт көтерілуімен, бас ауруымен сипатталады. Желшешектің ең айқын белгісі-бөртпе және қышу.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, мектепке, балабақшаға немесе жұмысқа бармаған дұрыс.
Денеде қышыну пайда болғанша (теріде вирус жоқ екендігінің белгісі) үй жағдайында болу керек. Бұл әдетте дақтар шыққаннан кейін 5 күннен соң пайда болады. Сусыздануды болдырмас үшін көп сұйықтық ішу қажет болады. Сәбилердің  тырнақтарын қысқартып, әсіресе түнде ол өзін тырнап алмасы үшін қолына шұлық немесе қолғап кигізген дұрыс. Гигиенаға келетін болсақ, жылы, бірақ ыстық емес душ қабылдаған дұрыс, содан кейін теріні құрғатып (ысқыламаңыз), денеңіздегі дақтар жазылғанша бос киім киген дұрыс.
Ең бастысы-жараның қабығын алмау, теріні тырнамау. Тыртықтар қалып қоймауы үшін теріге тиіспеген маңызды. Егер қызба 39-дан асса, бөртпе элементтері пайда болса, дәрігерге шұғыл түрде хабарлаңыз. Сондай-ақ, егер бала өзін нашар сезінсе дәрігерге қаралыңыз.
Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл түрде өтеді, кей жағдайларда үлкендер асқынулардан зардап шегуі мүмкін. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады. 

Сурет: baby.onclinic.ru

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: