Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ДДҰ басшысы коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады

ДДҰ COVID-19 пандемиясы екі жыл ішінде аяқталатынын күтеді. Бұл туралы ұйымның бас директоры  Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ол атап өткендей, 1918 жылғы "испан тұмауы" індеті, 2 жылға созылған, ал ДДҰ-да індетке қарсы көптеген технологиялар бар.
"Үлкен байланыстар арқылы вирус тез таралады, бірақ бізде оны болдырмайтын технология бар. Сондықтан жаһандану және үлкен өзара байланыс түріндегі кемшілігіміз бар, бірақ технологияның да артықшылығы бар", - деді ұйым басшысы.
Бұған дейін ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат жақында коронавирусқа қарсы коллектитві иммунитет дамытпайды деген болжамды жариялаған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: