Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімде санитарлық - эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақтала отырып, әскери қызметшілер арасында індеттің алдын алу мақсатында коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстары жүріп жатыр.
Ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған екпе салу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, Қызылорда қалалық 4 емханасының медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне сапалы және барлық жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.