Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Санитарлық талап сақталмай ахуал оңалмайды

Аймақта коронавирус инфекциясының жұғу деңгейі азаймай тұр. Қызылорда облысында 16 күн ішінде 3141 жағдай тіркелген.  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді. 
«Вирустың мутацияланған штамдарының инкубациялық кезеңі екі-үш күнде бас көтереді. Уақытылы қаралмай, медициналық ем қабылдамаған жағдайда ауыр халге әкеп соғады. Статистикалық талдау жүргізгенде екпенің әсері өте жоғары екенін байқадық. Екпе егілгендер ауру белгісі жеңіл өтеді. Тағы бір айта кетерлігі,  науқастанған жандардың екпе алғандары мен алмағандарына екі түрлі ем-шаралар жасалады. Сондықтан да жалған құжат алғандар өз өмірлеріне өздері қауіп төндірмек,- деді Әлия Мүтәліпқызы.
Жалпы, республика көлемінде, оның ішінде біздің облыста да коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі. Барлық аудандарда, Қызылорда қаласында мониторингтік топтар жұмыс атқаруына қарамастан мейрамханалар, кафелер, жеке тұрғын үйлерде көпшілік мерей тойлар өткізу тиылар емес.  Бүгінде коронавирус індетіне қарсы карантиндік шараларды сақтауда 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда.  Облыс көлемінде мониторингтік топтармен барлығы  4167  рейд жүргізіліп, 12750 нысан рейдтік тексерумен қамтылды. Нәтижесінде   305 нысанда заң бұзушылықтар анықталды. Белгіленген карантиндік шаралардың орындалуын бақылау нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы бойынша 533 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы соммасы  37 187 714 теңге көлемінде  әкімшілік айыппұл салынды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: