Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Украинадан Сыр еліне гуманитарлық көмек келді

Аймағымызға «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізді.
Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекмелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген. 
Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымдарына сұранысына қарай бөлініп, таратылды. 
Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, сонымен қатар 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 , Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: