Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы балалы болуға ниетті ерлі-зайыптыларға арналған игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық мамандарымен жасанды (жатырішілік) инсеминация (ұрықтандыру) – медициналық технология (қосымша репродуктивтік технология), яғни әйелдердің жатырына алдын ала дайындалып алынған ер адамның ұрығын енгізу әдісі қолдануда.
Бұл әдіс медициналық мақсаттарда бедеу ерлі-зайыптылар немесе жалғыз басты әйелдерге жүктіліктікке жету үшін қолданылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұл жасанды ұрықталу әдістің тиімділігі шамамен 85-87 % құрайды, бұның өзі жақсы нәтиже деп санауға болады. Тәжрибеге сәйкес, ұрықтандыру дәйекті түрде үш рет қайталанып жасалады.
Ұрықтандыру мүмкіншілігіне әйелдер мен ерлердің репродуктивтік органдарының жағдайы үлкен ықпал жасайды, сондықтан алдын ала біздің орталықта егжей-тегжейлі диагностикалық тексерулер жүргізіледі.