Танымал кәсіпкер Болат Өтемұратов «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына қажетті аса қажетті 27 млн теңгенің құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Ауруханада жылына 9 мыңға жуық науқасты емделсе, оның 70-80 пайызы балаларды құрайды. Бүгінгі қайырымдылық шарасында тапсырылған медициналық құрал-жабдықтар, аса ауыр жағдайда түскен науқастарды емдеуге арналған. Медицинаның соңғы үлгідегі жасанды өкпе желдеткіші, мөлшерлі дәрі егуге арналған және зертханалық қондырғылары аурухананың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға септігін тигізді деп ойлаймыз.