Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Көпбейінді қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып, вирус жұқтырып ауырған науқастардың азаюына байланысты аймағымыздағы провизорлық, инфекциялық стационарлар жабылып, бірқатар ауруханалар қалыпты жұмысқа көшкен болатын. Соның бірі - көпбейінді қалалық аурухана. 
Көпбейінді қалалық ауруханасы тамыз айының 10-нан бастап қалыпты жағдайға көшті. Яғни, 19 маусым бен 3 тамыз аралығында халыққа провизорлық стационар қызметін көрсеткен. Аурухана эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты 10 тамыздан бастап жедел және жоспарлы келген науқастарды қабылдауды қайта бастады. Қабылдауға дейін 3-10 тамыз аралығында аурухана толық санитарлық тазартудан өтті.  
Аурухана бұрынғы жұмыс жүйесіне көшкен күннен бастап, ауруханаға 80-ге жуық науқас қаралып, оның ішінде 30 науқас көрсеткіші бойынша ем алуға жатқызылды. Кардиологиялық, терапиялық, гинекологиялық, травматологиялық, хирургиялық бейіндер бойынша науқастар жатқызылып, ота қажет ететін науқастарға оталар жасалды.
Сонымен қатар, 11 тамыздан бастап амбулаторлы емханалар жолдамасы арқылы жоспарлы түрдегі науқастар портал бойынша ауруханаға жатқызылуда.
Айта кетейік, көпбейінді қалалық аурухана бұрынғы қалыпта аптасына 4 күн, яғни аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері науқастарды шұғыл түрде қабылдап, жоспарлы ем алу қызметі өз жұмысын күнделікті жалғастыратын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: