Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІСыр өңірінде туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші төмендеп келеді. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова журналистермен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 
2015 жылдың 10 айында 100 мыңға шаққандағы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші – 62,3 (2014 жылы - 66,1).Облыс бойынша туберкулезден қайтыс болу көрсеткішінің төмендеу қарқыны байқалады, 100 мың халыққа шаққанда 2014 жылмен салыстырғанда - 4,8-ден 3,6-ға төмендеді. 
Облысымызда туберкулездің алдын алу мақсатында, туберкулездің көп дәрілерге тұрақты түрімен ауыратын науқастардың аурушаңдығын азайтуға арнайы әлеуметтік көмек қарастырылды. 2014 жылы -67 176,0 теңге, 2015 жылы -124 390 300,0 теңге қаралып, бүгінгі күнге дейін, аталған көмекпен 895 науқас қамтылған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: