Бүгін Жаңақорған ауданына қарасты Өзгент ауылдық округінде «Өзгент» балаларды сауықтыру және демалыс кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Демалыс кешенінің лентасын аудан әкімі Ғалым Әміреев, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин Шермағанбетов және Өзгент ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалкөз Әбдікаримов қиды.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі пайдалануға берілгелі тұрған кешеннің аудан тұрғындарының игілігіне жарар, экономикалық жағынан да тиімді жоба екенін айтып, кешенді салуға қаржы бөлген БҰҰ ДБ-на және жоба үйлестірушісі Егізбаева Баян ханымға аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.