Жыл сайын дәстүрге айналған «Денсаулық фестивалі» Жаңақорған ауданында биыл «Біз - салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен өтті.
Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Денсаулық фестивалі-2016» акциясына жиналғандар саны көп болды. Фестиваль барысында жастардың флеш мобы ұйымдастырылып, жаппай спорттық жаттығулар өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б. Айтбембет пен «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері С.Ысқақов сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға деген ізгі ниеттерін жеткізді. Аудандық барлық мекеме, бөлім қызметкерлері, ардагерлер, оқушылар қатысқан фестиваль орталық алаңда спорттық жарыстарға ұласты. Шара аудан әкімдігі мен амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және жастар ресуртық орталығының бірлесуімен өткізілді.