Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жөнінде 24.kz жазды.
Мамандардың айтуынша, бұл індетті жұқтырған жүкте әйелдердегі құрсақішілік пневмония мен инфекцияның салдары және ол өте қауіпті. Сонымен қатар облыс бойынша аяғы ауыр 300-ге жуық әйел ковид жұқтырса, оның 66-сы ауруханада ем алып жатыр. Аналар мен балалар арасында күн сайын 20-25 індет жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Бүгінде өңірде 7059 бала және 1500 жүкті әйел вакцина салдырған.
Мая Мирзанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Коронавирустық инфекциядан балалар арасында өлім жағдайлары тіркелген деректер бар. Сондықтан бұл балаларда және жүкті әйелдерде ауыр жағдайда өтеді коронавирустық инфекция. Өйткені бұл барлық мүшелерді, органдарды, бүйрек болсын, өкпе болсын зақымдануы жоғары процент көрсетеді. Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы бұл вакцинациялау.