Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада  91 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы егілді 

Облыс көлемінде 2020-2021 жылғы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп сипатталады. Соңғы 3 жылдың эпидмаусым көрсеткіштерін салыстырғанда  апталық бақылау деңгейінен арту анықталған жоқ.
Облыс бойынша ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ-дің 12375 жағдайы есепке алынды. Ауруға шалдыққандардың  60,2% - 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші 14,8% құрады. 
Биылғы эпидмаусымда ЖРВИ-мен ауырған ауыр ағымдағы 529 науқастың сынамасы ПТР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен нақтылаған тұмау ауруы тіркелген жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы қабылданған профилактикалық шаралар тұмау аурушаңдығын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді.
2019-2020 жылдың эпидмауысымында облыс көлемінде  тұмау ауруының 131 жағдайы есепке алынса, 2020-2021 жылы бірде-бір дерек тіркелген жоқ.
Тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі. Екпе науқаны басталғаннан бүгінгі күнге дейін барлығы  91 260 адам тұмауға қарсы егілді, бұл облыстағы  жалпы халықтың 11%-ін құрайды. Вакцинадан кейінгі асқынулар орын алған жоқ.
 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: