Шиелі ауданында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ауыз толтырып айтарлықтай игі шаралар өткізілуде. Соның бірі «Шиелі-Самғау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жасанды түсік жаhaн қасіреті» атты кездесу болып табылады.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған жасанды түсік, өкінішке орай кейбір қаракөз қыздарымыз арасында кеңінен етек алуда. Қадамын анық баспай, келешегіне көлеңке түсіріп, болашағына балта шабарын біреуі білсе, біреуі білмес. Осы мақсатта жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аталмыш тақырыпта жастардың қатысуымен өткізілген шараға арнайы мамандар қатыстырылып, кеңестерін берді.