Қызылорда облысында 10 науқас коронавирустан емделіп шықты
Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында 10 науқас коронавирустан емделіп шықты. Соңғы тәулікте аймақта індет жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың 4 қараша күні зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 762, тексерілгені – 702, қалған 60 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Қалдық тест саны – 20 789. Эпид. маусым басталғалы бері 118 мың 129 сынама алынды. Жалпы пандемия басталғалы бері облыс бойынша емделіп 3 мың 144 адам ауырудан айыққан.
Коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 3 262 (Қызылорда қ. –1962, Арал – 114, Қазалы – 102, Қармақшы – 144, Жалағаш – 112, Сырдария – 183, Шиелі – 288, Жаңақорған – 357).