Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Эпидемиологиялық маусымға дайындық басталды

Қазіргі таңда балалар арасындағы жұқпалы аурулардың көрсеткіші облыс бойынша  48 707 көрсеткішпен-187,67 ЖРВИ-мен аурушаңдық тіркелді. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда 9,7% - ға төмендеді. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді.
«Биыл 90 000 вакцинаға сұраныс беріліп,  жалпы халық санының -11,4%  қамтуға мүмкіндік бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес 2020 жылға: медицина қызметкерлері –10 254, диспансерлік есепте тұрған балалар-26 125, ересектер-29 869, тәуекел тобындағы жиі ауыратын балалар - 9350, интернатты мекемелер балалары – 1083, мамандандырылған сәбилер үйінің балалары-130, қарттар үйі балалары-190, мүгедектер мен диспансерлік есепте тұратын ересектер – 6025, жүкті әйелдер– 6974 іріктеліп, жоспарланды»,- деді Бибізада Әшімқызы
 Облыс бойынша маусымға 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме (емханалар, фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер, дәрігерлік және ауылдық амбулаториялар) жұмылдырылады, оларда 54 фильтр кабинеттер, қосымша 79 телефон арқылы кері байланыс шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейтін болады, үйде қызмет көрсету үшін қосымша -81 автокөлік бөлінді. Сонымен қатар Медициналық ұйымдарда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдетуге арналған- 117 аппарат (стационарларда), 597 пульсооксиметр, 258 кислоротерапияға амбулаториялық жағдайда қосу нүктелері қарастырылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: