Бүгін орталық алаңда «Біз – салауатты өмір салтын ұстанамыз!» атты денсаулық фестивалі аталып өтті.
Фестивалдің ашылу салтанатында Арал аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Амантүгел Кірбасар сөз алып «Аталмыш игі шара ел көлемінде 1999 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Оның өтуіне барлық өңірлер ат салысады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында бұқаралық спорт пен ел азаматтарының саламатты өмір салтын ұстануына баса назар аударылып келеді.» деді.
Шара одан әрі арнайы дайындалған флешмобқа, жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.