Қызылордада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлер үшін әлеуметтік дәріхана ашу туралы мәселе қозғалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бұл туралы Қызылордада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есепті кездесуде айтты. Сонымен қатар халық бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді де көтерді. Мысалы, тұрғындардың өтініші бойынша арнайы, «дағдарысқа қарсы» дәріхана ашу мәселесі қозғалды. Яғни, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен табысы төмен азаматтар дәріқағаз арқылы барлық қажетті дәрі-дәрмекті 10 пайыз жеңілдікпен сатып алатын болады.