Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Сәнімкүл Измаилова: Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы - вакцина салдыру

«Ғалымдардың көптеген тәжірибелері коронавирусты жеңетін жалғыз ғана жолдың бар екенін көрсетуде. Бұл - вакцина салдыру. Отандық ғалымдардың еңбегі сенім ұялатады». Бұл туралы медицина саласының ардагері Сәнімкүл Измаилова Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифингте айтты. 
- Медицина саласында 40 жылдан астам уақыт еселі еңбек еттім. Коронавирус індетіне көп жағдайда егде жастағы кісілер шалдығып жатқандығы айтылып жатыр. Яғни, қауіп өте жоғары. Осыған байланысты, мен өз еркіммен екпе салдырдым. Бүгінде денсаулығыма қатысты ешқандай кінәрат жоқ. Ең бастысы, дертке шалдығып қалу қорқынышынан арылдым. Ауыз біршілік танытып, қауіпті кеселді жеңгеннен кейін бұрынғы алаңсыз күнімізге оралатынымызға сенемін. Ол үшін вакцина салдырып, қауіпсіздігімізге көңіл бөлейік, - деді Сәнімкүл Оразбекқызы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: