Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен халық арасында ауыру қаупі жоғары тұлғалар арасында уақытында вакцинациялау мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізілді.
Брифинг барысында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұ. Аханаева 2016-2017 жылдардың эпидмаусымында тұмау және басқа да вирустардың айналымының белсенділігіне тоқтап, облыста тұмауға қарсы атқарылатын алдын ала егу шаралары туралы мағлұмат берді.
Тұмаумен ауырған тұрғындарға инфекционнист дәрігер М. Желібаева №1 қалалық емханада арнайы сүзгі кабинетінде емделуге болатындығын айтты. Сондай-ақ, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы М. Ойнаров ауыл шаруашылық малдары мен ит, мысықтардағы құтыру ауруларының алдын алу бағытында аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.