Республика бойынша 1-7 қыркүйек аралығында «Денсаулық – тәуелсіз елдің тірегі» ұранымен барлық білім беру ұйымдарында денсаулық апталығы жүргізілуде.
Апталық аясында облыс көлеміндегі мектептерде тақырыптық денсаулық сабақтар, ардагерлермен кездесулер, семинар-тренингтер өткізіліп, мазмұндамалар, сынақ хаттар мен еркін шығармалар оқушыларға жаздырылды. Тұрғындарға, мектеп оқушыларға медициналық көмек көрсету мақсатында емханаларда «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды.
Іс шараның мақсаты – халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.
Іс-шара аясында мектеп оқушыларымен мұғалімдерге арналған медициналық қалашық ұйымдастырылып, дәрігерлік тексерулер мен кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Медициналық қалашығында жалпы тәжірибелік дәрігер, гинеколог, уролог, хирург, психолог мамандары қатысады және бой, салмақ, қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы холестерин, глюкозаны анықтау мен УЗИ арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мектептердің жоғарғы сынып оқушылары арасында медицина қызметкерлерімен «Қыздардың жеке бас тазалығы және қалаусыз жүктіліктің алдын алу; ер балалар денсаулығы туралы; жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу; суға тусуге тыйым салынған жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу, қиын жағдайлардан шығу жолдары» тақырыптарында дәрістер оқылып, семинар-тренингтер жүргізілді.
Сондай-ақ, төменгі сынып оқушылары арасында асфальтқа сурет салу, орта сынып оқушылары арасында түрлі эстафеталық спорттық сайыстар өтті.
Спорттық шараларға және асфальтқа сурет салу сайыстарының жеңімпаздарына және белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен ынталандырылып, сыйлықтар табыс етілді.