Қызылордада коронавирус індетінен науқастардың 80 пайызы ауруынан айығып шықты.
Қызылорда облысында коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 80 пайызы ауруынан айығып шықты.
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 3199 адам тіркелген. Оның ішінде Қызылорда қаласынан –1920, Арал ауданынан – 114, Қазалы ауданы– 101, Қармақшы ауданы – 137, Жалағаш ауданы – 111, Сырдария ауданы – 180, Шиелі ауданы – 283, Жаңақорған ауданынан – 353 адам.
Бүгін, 12 тамызда коронавирус инфекциясымен 4 жағдай анықталды Оның 3-уі Қызылорда қаласынан болса, 1 дерек Шиелі ауданынан тіркелді. Олардың 4-і де скринингтік тексеруден анықталған.
Жалпы емделіп шыққан науқастар саны - 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80 пайызын құрайды.