Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Өз жүрегіңді аяла, уақытылы скринингтік тексеруден өт!» ұранымен арнайы іс-шара өткізді.
Орталық мамандары «Айтбек», «Ағжан» сауда орталығында №1 және №5 қалалық емханалардың қатысуымен кең ауқымды акция ұйымдастырды. Акцияда тұрғындардың қан қысымы, бойы мен салмағы анықталып, артық салмақ пен қан қысымы жоғары адамдарға дәрігер кеңестері берілді.