Қызылорда облысында жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділік артты. Облыстық кардиохирургия орталығының мамандары 2015 жылдың өзінде ашық жүрекке 102 ота жасаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, отадан кейінгі өмір сүру ұзақтығы тиісінше 91,1 пайыздан 96,3 пайызға артқан. Инсульт орталықтарында үздіксіз компьютерлік диагностика жасау, ишемиялық инсультпен түскен науқастарға тромболитикалық терапия енгізу, инсульт алған науқастарды оңалту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Сондай-ақ Астанадағы республикалық нейрохирургиялық орталықта ғана жүзеге асырылатын церебралды ангиография қолданылуда.