Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Алматы әуежайында Эбола вирусын жұқтырған күдікті азамат ауруханаға жөнелтілді

Кеше кешкісін «Ыстамбұл-Алматы» бағытындағы рейс бойынша Алматы әуе жайына келіп қонған ұшақ жіті бақылауға алынды.
Оған ұшақ бортындағы ресейлік азаматтың Эбола вирусымен ауырып келгендігі түрткі болды. Әзірге Ресей Федерациясы өкілдігінің хабарлауынша, қауіпті ауруды жұқтырған деген күмәнмен ұсталған 37 жастағы бұл азаматтың Қостанай облысы, Лисаковск қаласының тұрғыны екені анықталды. Науқас жедел түрде Алматыдағы ересектердің жұқпалы ауруханасына жатқызылды.   Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, сырқат белгілері байқалған азаматтың жанындағы РФ азаматы да дәрігерлер бақылауында. Шұғыл тексеруге алынған екі азамат «Конакри - Касабланка - Ыстамбұл – Алматы» бағытында ұшқан. Одан кейін Қостанай қаласына келуі тиіс болған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: