Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурухана басшыларын және медицина қызметкерлерін қол гигиенасына арналған құралдардың үнемі жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз етуге және қол жуу ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі күн сайын ДДҰ-ның Еуропалық аймақ елдеріндегі ауруханаларда 80 000 пациент медициналық көмек алу барысында инфекция жұқтыру диагнозымен ем алады.
Қол гигиенасын сақтау-жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудың маңызды және қарапайым тәсілі. Бүгінгі таңда COVID-19 вирусымен қарсы күресте қолдың тазалығы ерекше маңызды.
Дәрігерлер әр пациентпен байланыс жасамас бұрын қол тазалығына бірнеше секунд уақыт бөліп, гигиена сақтау арқылы жұмыс орнындағы қауіпсіздікті едәуір арттыра алады.
Кез келген медицина қызметкері, сондай-ақ пациентке күтім жасайтын барлық адам:
пациентпен байланысу алдында;
медициналық манипуляция алдында;
пациентпен, оның биологиялық материалымен немесе сыртқы орта объектілерімен байланысқаннан кейін қол гигиенасын қамтамасыз етуі тиіс.
Есіңізде болсын! Науқастың өмірі сіздің қолыңызда!