Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Біріккен медициналық Call-орталығы қызмет атқарады

Біріккен медициналық Call-орталығы қызмет атқарадыҮстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығы» ШЖҚ МКК қарамағында Кызылорда облысы бойынша Біріккен медициналық Call-орталығы қызмет атқаруда. 
Call-орталығын ұйымдастыру мақсатында, жергілікті бюджеттен 12 124 мың.теңге бөлінді. Call-орталығына облыстың 45 медициналық мекемесі қатыстырылған, бұл медицина мекемелерінің 100 % құрайды. 
Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге, сенбі күндері 8.00 -14.00 дейін 8(7242) 40-00-01 Сіздің назарыңыздағы сұрақтарға мамандандырылған операторлар жауап береді. Сізге облыстың барлық емдеу ұйымдары жайлы ақпарат алып, сұраныс жасауға немесе арыз беруіңізге болады. 
Call-орталығының негізгі мақсаты – медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша тұрғындар сұраныстарын қабылдап, тіркеп, тиісті мекемеге жеткізу,көрсетілген қызмет нәтижелері және есептік ақпараттың алынуын қадағалау.
Call-орталығы құрамында сарапшы-дәрігер, психолог, орта медициналық білімі бар операторлар қызмет атқарады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: