Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Шаштың түсіне қарап ауруды анықтауға болады

Шаштың түсіне қарап ауруды анықтауға боладыНегізінен шаштың мезгілінен тез ағаруын, мәселен мектеп жасындағы балалардың осы көріністі бастан өткеруін қалыпты жағдайға жатқызуға болмайды. Ал орта жастағылар мен қарттар шашының ағаруын физологиялық қалыпты құбылыс ретінде қарастыруға болады.
Ата-аналар ескерер бір жәйт, егер кәмелетке толмаған баланыздың шашы кенеттен ағара бастаса, онда сіз балаңызды дәрігерге көрсеткеніңіз абзал. Мұндай жағдайда бүйрек қуатының төмендеуі мүмкін. Тағы бір белгісі-жүректің әлсіреуі мен жүрек қанының азаюы себеп болады. Сонымен бірге, шаштың тез арада молынан ағаруы және күйгелектене беру, еріннің бозаруы-бауыр ауруының белгісі болып есептеледі.
Кейбір дерек көздерінде жекелеген ғалымдар бұрын өзге түсті шаштың кенеттен тым қарайып кетуін рак аруы белгісіне жатқызған. Алайда, бұл болжам ғана. Асылы, мұның анық-қанығына көз жеткізу үшін дәрігерге көріну әрібірімізге артықтық етпейді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: