Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Жаңақорғанда жас кәсіпкер қымызхана ашты

Жаңақорғанда жас кәсіпкер қымызхана аштыҚазіргі уақытта қат болып отырған ұлттық тағам түрлері-айран, сүт, қаймақ, шұбат, қымызбен сусындатып, көптің сұранысы қанағаттандыру қамына білек сыбанып кіріскен жаңақорғандық жас Бекзат Қыдырбаевтың бастамасы көңіл қуантарлық.
Жас кәсіпкер Бекзат Қыдырбаев кент орталығынан қымызхана ашты. Ұлттық нақышпен өрнектеліп, жасау-жабдықпен жасақталған киіз үй іші жайғасып сусындауға ғана емес, демалуға да ыңғайлы. Қымызханаға алғаш болып бас сұққан ел ағалары кәсіпкер азаматқа дән-риза. 
Кәсіпкер жігіттің иелігінде 10 биесі бар. Қымызхана дастарханында саумал, ашыған қымыз, айран-сүт, қаймақ, бауырсақ, құрт сынды ұлт-тағамдары қатар тізіліпті. Бұл орын дәмхана ғана емес келешек зиялы қауым өкілдері бас қосатын өнегелі орын болғалы тұр.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: