Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Ауруханалар рейтингінде Қызылорда бірінші орынға шықты

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2014 жылдың қорытындылары бойынша республика стационарларының рейтингісін жариялады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханалар қызметіне баға беру қорытындылары бойынша, ересектерге арналған көп профильді стационарлар арасында бірінші орынды – Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталығы, екінші орынды – Қостанай облыстық ауруханасы, ал үшінші орынды – Атырау қаласындағы облыстық ауруханасы иеленді. Тізім соңындағы соңғы орын – Жамбыл облыстық ауруханасына тиесілі.
Облыстық медиицна орталығы республикадағы мамандандырылған және медиицналық көмек беретін стационарлардың арасында, медициналық критерийлерге байланысты алғашқы орынға шығып отыр. 
Өткен жылы облыстық медицина орталығында 600 -ге жуық жоғары мамандандырылған медиицналық көмек көрсетіліп, сәтті шыққан. Соның ішінде Республикада 4 -ші болып бүйрек ауыстыру отасын жасағанымыз белгілі. Біздің дәрігерлер кез-келген мықты клиникалармен бәсекелестікке түсе алады. Әсіресе, кардиологиялық, инсульттік, нейрохирругиялық, яғни хирургияның барлық саласы бойынша жетілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: