Қызылордада 11 адам туберкулезден емделуден жалтарып жүр
Қызылорда облысты туберкулездің ашық түрімен ауыратын 11 адам емделуден жалтарып келеді. Бұл ажйында ресупбликалық 31 телеарна мәлім етті.
Олардың айтуынша, бұл науқастар қайда жүргенін ешкім білмейді. Медициналық талаптар бойынша олар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Тәртіп сақшылары оларды іздеп жатқанын көлденең тартып отырған көрінеді.
Қазақ халқы құрт ауру деп атайтын бұл дерт Сыр өңірінде басты проблеманың біріне айналған. Бұл аурудың көрсеткіші жөнінен республикада алдыңғы орындардан көрініп келеді. Былтыр облыста 600-ден астам адам осы дертке шалдыққан. Биылғы жылға бұл мақсатта 2,5 млрд. теңге қаржы қаралған.