«Алланың сыйы» деп Адиятқа әжесі есім берген. Бұл күнде Мұратбек Адияттың жай күйі тым ауыр. Туылғаннан кішкене балаға бел омыртқасының грыжасы деген диогноз қойылған. Көзі нашар көреді, өздігінен тамақтануға мүмкіндігі жоқ.
Дүние есігін шыр етіп ашқаннан көргені аурухана. Осы уақытқа дейін бел омыртқасындағы грыжаны алып тастау үшін 2 рет ота жасалған. Анасының ішінде жатқаннан басына инфекция түсіп, басы суға толған, ми бөлігіндегі клетканы ауыстыру қажет сонда ғана баланың жағдайы оңалады дейді дәрігерлер. Израилден келген мамандар арнайы массаждық ем жүргізген, алайда еш нәтижессіз. Бала ата анасының алдына солып барады, тек кеуде де жүрегі лүпілдеп соғып тұр. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» демейме, сол секілді Адияттың әкесі Дастанда баламның мыңа жанары жылт етіп ойнап, өзгелерлің балаларындай «әке» десе, еркін өзі алаңсыз ойнау үшін жанарымды сұраса да берер едім деп күрсінеді. Адиятқа жүктіліктің тек 9 айында бел омыртқасында ісікбарын анықтаған. Сонда да ата анасы Құдайдың сыйы деп есім беріп, кішкене сыйдың көрер жарығы ұзақ болса екен деп ниет етеді.
Адият 3 жасқа толмай тұрып, ми клеткасын жылдам ауыстыру керектігін шетелдік дәрігерлер айтуда. Қазақстанда тек басына жиналған суды бірнеше рет отамен сығымдап алған. Ал толық клетка ауыстырып салу Қытай Халық Республикасындағы Үрімші қаласының әскери ауруханасында ғана жасалады екен. Ол үшін 20.000 АҚШ доллары қажет. «Көп түкірсе көл» демекші 25 қаңтар мен 8 ақпан аралығында кішкене Адият үшін қайрымдылық шарасы «Дәстүр» мейрамханасында өткізілді. Қайрымдылық шарасына ат салысып, ақша аударамын деуші жомарт жандар Халық Банкіндегі 4402573513545394 есеп шотына қаржы аударуға болатының ескертеміз.