Вирусолог коронавирустың ауыр түрімен кімдер ауырмайтынын айтып берді
Мечников атындағы вакциналар мен сарысуларының ғылыми-зерттеу институтының ғылыми директоры Виталий Зверев кімнің коронавирустың ауыр түріне шалдықпайтынын айтты деп жазады Парламентская газета. Бұл жөнінде kaz.nur.kz жазды.
Оның сөзінше, созылмалы аурулары бар, қан айналымы немесе иммундық жүйесі зақымданған адамдар қатты ауырады. Ал басқалары маска режимі мен гигиена стандарттарын сақтаса, қауіп төнбейді, дейді Зверев.
Сонымен қатар, маман ауыр түрдегі пациенттерге қарағанда жеңіл формада ауырған науқастар қаншалықты қауіпті деген сұраққа жауап қатты.
"Бұл тұста жұқтыру мөлшері маңызды. Әрине вирустың ауыр түрімен ауырған адамнан вирус көп мөлшерде бөлініп тұратындықтан, жұқтыру ықтималдылығы өте жоғары. Бірақ тікелей тәуелділік жоқ, - деп түсіндірді маман.
Одан бөлек, Мечников атындағы вакциналар мен сарысуларының ғылыми-зерттеу институтының ғылыми директоры инфекцияның жеңіл түрімен ауырған адамдар қоғам үшін қауіпті емес екенін жеткізді. Cоңғы дерек бойынша, Қазақстанда COVID-19 вирусы 704 адамнан анықталған.