Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» КММ өңір жастары мен жасөспірімдерінің денсаулығын нығайту, олардың өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру бағытында біршама жұмыс атқаруда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастардың денсаулығына әсер ететін қауіпті факторлардың таралуы мен оларға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, медициналық, психологиялық, психокоррекциялық, әлеуметтік кеңес беру қызметтерін көрсетіп келеді. Орталықта психолог, гинеколог, уролог, валеологтар жұмыс істейді.
Қаңтар айының екінші онкүндігінде жастар денсаулық орталығында мектеп психологтарына арналған тәуекел тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыстар: теориясы мен технологиясы» тақырыбында оқыту семинар өтті. Орталық валеологтары мектеп аяжандарына арнап «Жұқпалы және созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Бұл шараларға Қызылорда қаласының және оған қарасты барлық елді мекендегі мектептердің мамандары түгел қамтылды.
Жастар денсаулығы орталығында 8 800 080 22 26 нөмірлі сенім телефоны орнатылған. Ол арқылы мамандар медициналық, психологиялық-әлеуметтік тұрғыдағы сұрақтар бойынша кеңес береді.