Facebook VK WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада 118 адам коронавирус індетінен айықты

Бүгін, яғни 30.04.2020 ж. сағат 12:20 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген 3 емделуші Шиелі, Сырдария, Жанақорған аудандарының тұрғындары. Олар алдағы 14 күн бойы аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.
Коронавирус инфекциясымен бүгінгі күнге дейін тіркелген 198 науқастың 118-і жазылып шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: