Қызылордада коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 161-ге жетті
Бүгін, яғни 10.05.2020 ж. сағат 20:00 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 2 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген 2 емделуші де Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 161. (Кызылорда қаласы - 33, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 2, Қармақшы ауданы – 4, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 62, Жанакорған ауданы - 30).