Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2016» ӨТКІЗІЛЕДІ

 

Еліміздің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6-11 маусым аралығында «Біз – саламатты өмір салты үшін!» ұранымен облыс көлемінде «Денсаулық Фестивалі -2016» кең ауқымды акциясы өткізіледі.
6 маусым - «Денсаулық Фестивалінің» ашылуына орай медициналық колледжде жаппай таңғы жаттығу жасалса, 7 маусым күні қалалық демалыс паркінде «Біз-салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен жастар арасында «Хип-хоп», «Арен би», «Экшн» т.б. еркін түрде би жарысы ұйымдастырылады. 8 маусым күні Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында жасөспірімдер мен жастардан құралған командалар арасында «Біз денсаулықты бағалаймыз» тақырыбында «Көңілді тапқыштар клубы» ойыны ұйымдастырылады.
6-11 маусым аралығында барлық қалалық, аудандық емханаларда «Ашық есік» күндері өткізіліп, халық көп шоғырланатын орындарда («Жайна», «Атамекен», «Фристайл» сауда орталықтары, Халыққа қызмет көрсету орталығы) көшпелі медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады, балабақша бүлдіршіндері арасында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен сурет сайысы болады. Сондай-ақ, осы күндер ішінде мектепке дейінгі мекемелерде «Сәбилер денсаулығы» тақырыбында спорттық іс-шаралар өткізіліп, қала, аудан көлеміндегі жұмыс орындарында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен таңғы жаттығулар ұйымдастырылады.
«Денсаулық Фестивалі-2016» кең ауқымды акциясының қортындысы 11 маусым күні сағат 10.00-12.00 аралығында Қызылорда медициналық колледжінің алаңында өткізіледі. Түрлі спорттық жарыстыр ұйымдастырылады. Апталық іс-шаралар қортындысы бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: