Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада қызылша ойландырып тұр

Қызылордада қызылша ойландырып тұрӨткен жылы қызылша ауруына байланысты 209 жедел хабарлама түскен. Оның 31 пайызын бір жасқа дейінгі балалар құраса, 15-19 жастағылардың үлесі 14 пайызды көрсеткен. Ал, 20 пайызы 20-29 жастағылар, 26 пайызы 30 және онан жоғары жастағылардың үлесінде. Соның 19-ында ауру зертханалық жағдайда нақтыланған. 
Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы ауруға қарсы егілмеген. Оның ішінде 50 пайызы егу жасына толмаған, яғни, бір жасқа дейінгі сәбилер. Қалған 50 пайызында толық егілмеген және иммундау сатысы белгісіз. Ал, жыл басынан бері облыста қызылшаның 11 жағдайы тіркелген. Мұны мамандар ауа райының қолайсыздығымен байланыстыруда. Яғни, күннің жылынуы қызылша ауруының артуына әсер етіп отырғанын айтады. 
Аурудың алдын алу шараларының бірі – ауруға қарсы екпе жасату. Осыған орай республика көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 9-21-і аралығында жаппай иммундау науқаны  қолға алынды. Ол тек балалар арасында емес, сонымен бірге 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында да жүргізілуде. Иммундау науқанында барлығы 42154 жасөспірім екпемен қамтылады деп жоспарланған. Иммундау науқанына облыс бойынша 333 оқу орнында барлығы 517 егу бөлмесі әзірленіп, 564 медицина қызметкері жұмылдырылуда. 
 Индияда өндірілген монодозалық вакцина республикалық бюджет есебінен алынуда. Біздің өңірге қажет деп нақтыланған 51 мың доза вакцина бөлінген. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: