Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Анықтамасыз шетелден келген азаматтар 2 тәулікке карантиндік стационарға жіберіледі

Бүгінде  облыста коронавирус инфекциясының 3245 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
-Жалпы облыс бойынша  эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда. Коронавирус инфекциясы соңғы 2 күнде тіркелген жоқ. Дегенмен, бұл бәсеңсейтін кезең емес. Өйткені кез келген короновирустық инфекция болсын, немесе жоғары тыныс алу жолдары секілді жұқпалы аурулардың кезеңдік көтерілетін мезгілі. Үстіміздегі жылдың 6-шы қазанынан бастап еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  №54 қаулысы күшіне енді. Қаулыға сәйкес сырттан елімізге келетін адамда кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болуы шарт. Ал анықтамасыз шетелден келген ҚР азаматтары 2 тәулікке карантиндік стационарға жіберіледі. Бұдан бөлек, өңірімізде әлі де болса бірқатар шектеулер өз күшінде қалады, - деді Әлия Әбдіқайымова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: