«Жібек жолы» сауда орталығында облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен халық арасында салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!» ұранымен кең ауқымды акция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың дұрыс тамақтану туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында газдалған сусындардың пайдасы мен зиянын түсіндіру және салауатты тамақтану дағдыларын үйрету болып табылады.
Салауатты тамақтануды насихаттауға бағытталған акция аясында газдалған сусындарды зерттеп, оның құрамы мен зияндылығы туралы жиналған халыққа түсінік берілді. Орталық мамандары газды сусындардың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын танытты. Сонымен қатар, ата-аналар, жастар мен жасөспірімдер арасында дұрыс әрі пайдалы сусындарды дайындауды үйретіп, тақырыптық интерактивті ойындар, тренингтер, сұрақ-жауаптар сайыстрын өткізді.
Осындай бүгінгі таңда қажетті акциялар күн сайын 31 қазан – 4 қараша аралығында, сағат 17.00-18.00 әр түрлі тақырыптарда «Жібек жолы» сауда орталығында жалғасады және алдағы апталарда «Отырар», «Смол» сауда орталықтарында да өткізіледі.