Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Стоматология қызметін кеңейтуге несие алды

Заманауи стоматология ауыз қуысындағы кез келген проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Қызылорда қаласындағы алғашқы стоматологиялық клиникалардың бірі SHAKIR_DENT де осы салада табысты еңбек етіп келеді. Клиниканың негізін қалаушы – стоматолог-ортопед, хирург, имплантолог Палымбетов Шәкірбай Балтабайұлы.
Шәкірбай Балтабайұлы өз кәсібін сүйеді және мақтан тұтады. Осы іспен айналысқан 30 жыл ішінде талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. Қазір балалары да әкесінің жолын қуған. Қызы әкесінің қол астында жұмыс істесе, ұлы да стоматолог мамандығы бойынша жоғары білім алуда. Қазір кәсіпкердің Қызылорда қаласында екі филиалы және Нұр-Сұлтан қаласында бір филиалы бар.
Стоматология қызметін кеңейту кезінде кәсіпкер жылжымайтын мүлік пен жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекет пайыздық мөлшерлеменің 8%-ын субсидиялады. Нәтижесінде несиені 6%-бен төлейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: