Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Кез келген екпе ата-ана рұқсатымен салынады

Қазіргі таңда республика көлемінде 12-жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселесі қарастырылуда, дегенмен бұл мәселе түпкілікті шешілген жоқ. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді. 
Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде оқушыларға вакцина егу туралы Жалағаш аудандық  білім бөлімінің хаты шығып, халық арасында резонанс туындаған. Бұл хатта - Ұлттық екпе күнтізбесінесәйкес егілетін вакциналар(БЦЖ,қызылша, қызамыққа қарсы, АбКДС+ХиБ+ИПВ) туралы мектептердегі ата-аналар комитеті өкілдеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында мәлімет жинақтау үшін жіберілген.  Қазіргі таңда республика көлемінде 12-жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселесі қарастырылуда. Дегенмен бұл түпкілікті шешілмеген және  балаларға арналған вакцина біздің елге жеткізілген жоқ,- деді Әлия Мүтәліпқызы. 
Бұл мәселеге қатысты, облыстық білім басқармасы ата-аналдарды аландатып, қоғамда екіұдай пікірде қалдыруға жол берген аудандық білім бөлімі басшысының қызметтік жауапкершілігін қарап, тәртіптік жаза қолданғандығын жеткізді. 
"Заңға сәйкес, ҚР Үкіметінің 24.09.2020 ж.  № 612 Қауылысына орай 18 жасқа дейінгі балаларға ата-аналардың келісімінсіз ешқандай екпе жұмыстары жүргізілмейді.  Өздеріңізге мәлім, епке жасайтын алдында әр ата-анаға келісім парағы беріледі. Арнайы келісімсіз балаға екпе жасалмайды.  Аталған жағдайға байланысты Білім және ғылым министрілігі, Білім басқармасы тарапынан балаларға  екпе жұмыстарын жүргізу туралы қандайда бір құжат қабылдаған емес",-деді облыстық  білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: