Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада бір күнде 5024 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салатын болды.
Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Қатерлі індетке қарсы екпе салу аймақ бойынша барлық емхана мен егу орындарында аптасына 7 күн бойы үзіліссіз жүзеге асырылады. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін авакцина салдыруына болады. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.
«2021 жылдың  29 сәуірінде облыс  бойынша барлығы 5024 тұрғынға коронавирусқа қарсы екпе жасалды. Ал 1 ақпан-29 сәуір аралығында қала бойынша 19113 , аудандар бойынша  13655 адам вакцина салдырды. Олардың жалпы саны 32768 адамды құрайды. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық  жағдайларына шағымы  жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасынан. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: