Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЗЕКТІ РЕТ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» КЕЗЕКТІ РЕТ ЖОЛҒА ШЫҚТЫҚазақстан Республикасы Конституциясы қарсаңында, облыстық медицина орталығы дәрігерлерінен жасақталған «Денсаулық Керуені» жолға шықты.
«Денсаулық Керуенінің» елді мекен тұрғындары үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жылжымалы медициналық кешеннің құрамында окулист, терапевт, кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, барлығы 11 дәрігер болса, кешен лабораториялық зертхана, түрлі ақауларды анықтайтын медициналық қондырғылармен жабдықталған.
Облысымыздағы 3 жылжымалы медициналық кешен, Арал –Қазалы, Жаңақорған –Шиелі, Сырдария –Жалағаш – Қармақшы аудандарының елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарының денсаулығын толық тексеруден өткізуде. Бұл өз кезегінде, науқасты ерте анықтап, сауығып шығуына мүмкіндік жасаса, екіншіден, алыс ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырады. Тұрғындарымыздың, оның ішінде, аналар мен балалардың өз ауылында отырып-ақ, толық медициналық көмек алуына жағдай жасалады. 
«Денсаулық Керуені» кезекті рет, Шиелі ауданындағы «Еңбекші» ауылының, Арал ауданының «Қаратерең», «Бөген» ауылдарының, Сырдария ауданының «Бесарық» ауылының тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге аттанды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: