ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН БӨЛІМ АШЫЛДЫ
Облыстық онкология орталығында паллиативтік көмек көрсететін 15 төсек орындық бөлім ашылды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда онда 11 науқас ем алып жатыр. Паллиативтік бөлім мақсаты инкурабельді онкологиялық науқастарға симптомикалық (паллиативтік) ем жүргізеді. Ауырсынуды басудың қажетті емін таңдау жасауға , оларға күтім жасауға , медициналық-әлеуметтік қалыпқа келтіру жүргізуге және олардың туысқандарына ауру кезінде және туғанынан айырылған жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.