Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада жедел жәрдем қызметкерлерінің дайындығы пысықталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстық жедел-жәрдем стансасының қызметкерлері арасында, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатындағы оқу-жаттығудан 49 шақырыс тобы өткізілді. Соның ішінде, Қызылорда қаласынан 8 топ, әр аудандар арасында 9 бригадалық жасақ, барлығы 17 бригада арнайы анықталған науқастарды, күдікті немесе шағымданғандарды тасымалдауға машықтанды.
Дегенмен де, облыстық жедел-жәрдем стансасының барлық қызметкерлері күшейтілген, қырағы жұмыс режиміне көшірілген. Жеке қорғаныс костюмдері, бір реттік бет перделер, қолғаппен, антисептиктермен қамтылып отыр.
2020 жылдың наурыз айына жедел-жәрдем стансасының 82 қызметкеріне, яғни дәрігерлер мен орта буын және фельдшерлерге, жүргізушілерге 425 мың - 212 мың теңге аралығында үстем ақы төленген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: