Әлемде талай қызық бар. Адам баласы жұмыр жердің жүзіндегі талай жаңалықты ашып тастады. Дейміз-ау... Жер астын ше?
Мына бір үңгір Вьетнамда орын тепкен. Оны бір фермер ашқан. Қызығы, үңгір өте кең. Биіктігі де адамды таңғалдырады. Шамамен 40 қабатты үйдің биіктігіне жетеді. Өзінің флорасы мен фаунасы бар.
Үңгір Вьетнам Phon Nha-Ke Bang ұлттық паркінде орналасқан. Ел астанасы Ханойден шашамен 200 мильдей қашықтықта орын тепкен. Зерттеушілердің айтуынша, үңгірдің "жасы" шамамен 2-5 млн. жылдарға жетеді. Дегенмен, үңгірдің құпиясының ашылғанына жиырма жылдың жүзі енді болды. Вьетнам фермері оны 1991 жылы ашқан. Оның ені 87 мильге жетеді. Онда өзен, көл бар. Тіпті, жағажайда жасалған.
Вьетнамдықтар мұнда туристік саяхат жасауды ұсынады. Мәселен, 7 күндік саяхат $2300 тұрады.