Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада алғашқы тоқсанда 4577 нәресте дүниеге келді

Қызылордада алғашқы тоқсанда 4577 нәресте дүниеге келді2015 жылдың  1 сәуіріне  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 755,7  мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 326,9 мың, ауыл халқы – 428,8 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43,2%, ауылдықтар үлесіне – 56,8% тиесілі.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айында облыста туылғандар саны 4577 адамды құрады, бұл 2014 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  317 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,57-ден 24,48-не азайған. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айында облыста  өлім көрсеткіші 1043 адамды  құрап, 80  адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-наурыз айында  1123 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,10-нан 5,58-ге азайған. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (26,2%).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: