Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Еңбек кодексінің жобасы талқыланды

Еңбек кодексінің жобасы талқыландыКәсіподақтар орталығында салалық кәсіподақ төрағалары мен бастауыш кәсіподақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Еңбеккодексі тұжырымдамасының жобасы мен жаңа Еңбек кодексі жобасының өзі талқыланды.
Жаңа Еңбек кодексі еңбек қатынастарын ырықтандыруды қарастырады, сонымен бірге әлеуметтік әріптестік құжаттарына үлкен рөл берілген, негізгі бағыт жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қарым-қатынасы болып отыр.
Дөңгелек үстел барысында жаңа Еңбек кодексінің жобасын қарап,  еңбек шарттарын жасау және тоқтату, еңбекті мөлшерлеу, төлеу, кепілдік және өтемақы, еңбек заңнамаларын орындауды бақылау тақырыбында өз көзқарастарын білдірді. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Еңбек кодексінің қағидалары мен нормаларыдағы жұмыс берушілердің ұстанымдары жұмыскерлердің құқықтарына нұқсан келтіреді деп санайды.
Осыған байланысты, қабылданатын Еңбек кодексі еңбек ұжымдарында және салалардың толғымен әлеуметтік шиеленістің өсуін көрсетеді деп негізделген тұрғыда болжауға болады. Еңбек қатынастарын реформалаудағы ұсынылып отырған тәсіл жалдамалы жұмыскерлердің жұмыс берушілерге ерік басыбайлығын күшейтеді.
Жекелеп айтқанда, жұмыс беруші шексіз әрі, жедел еңбек шарттарын жасауға немесе ұзартуға және жұмыскердің сынақ мерзімінде жұмыстан шығарып жірберу құқығына ие болады.
Еңбекақы және оны мөлшерлеу жұмыскерлердің өмірдегі маңызды мәселесі. Оны төмендетпеу керек. Дегенмен жобада, жұмыс берушілерге мемлекеттің қатысуынсыз өз еркімен еңбек нормасын белгілеуге рұқсат берілген. Ол қазіргі қолданыстағы Еңбек кодексінде айқындалғандай, жұмысшыларды ең төменгі кепілдік пен өтемақыдан айырады. Жұмыскерлерді қызмет уақытынан тыс жұмысқа тарту тәртібін жеңілдетуде және олардың жалпы жалғасу ұйғарымының ұлғаюында, сонымен қоса мерекелік күндері мен демалыс күндерінің жұмыс сағат санын төмендетуді ұсынады.
Кодекс жобасыда мемлекет еңбек қатынастарындағы қысымның өсуі жағдайында еңбекақыны ұйымдастыруды бақыламайтын бағдарын ұсынады. Нәтижесінде, Қазақстанда жалдамалы еңбекті іске қосудың ең қатаң жүйелерінің бірі қалыптасады. Осылайша қазіргі бар жоғарғы еңбекақының беталысы, төменгі табыс сұраныстың ең төмен деңгейін және тұрғындардың өмір сүру деңгейін төмендеуге алып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: